Accessibility links

Президент Назарбаев Жапонияға сапармен барды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) және Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ (сол жақта). Астана, 27 қазан 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) және Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ (сол жақта). Астана, 27 қазан 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ресми сапармен Жапонияға барды. Дүйсенбі күні ол Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен, жапон императоры Акихитомен кездеспекші.

Қазақстан президенті жапон парламенті мен «Токай» университетінде сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Сонымен бірге дүйсенбі күні Токиода бизнес-форум өтпекші. Ал сапарының соңғы күні, қарашаның 9-ында Назарбаев Хиросима қаласында болып, ядролық қарудан бас тарту қажеттігі туралы сөз сөйлемекші.

Бұдан бір жыл бұрын жапон премьер-министрі Синдзо Абэ Орталық Азия елдеріне сапары барысында Қазақстанда болып қайтқан.

XS
SM
MD
LG