Accessibility links

Сирия оппозициясы Раккаға шабуыл бастайтынын жариялады


«Сирия демократиялық күштері» жетекшілері Сирияның Айн Исса қаласында баспасөз мәслихатын өткізіп тұр. 6 қараша 2016 жыл.
«Сирия демократиялық күштері» жетекшілері Сирияның Айн Исса қаласында баспасөз мәслихатын өткізіп тұр. 6 қараша 2016 жыл.

«Сирия демократиялық күштері» көтерілісшілер жасағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының басқару орталығы саналатын Ракка қаласына шабуыл бастайтынын жариялады. Америкалық әуе күштері қолдау танытатын әскери операция бірнеше сағаттың ішінде басталады деп хабарлайды ВВС телеарнасы.

«Сирия демократиялық күштері» қала тұрғындарын жихадшылар орналасқан аудандарға жоламауға шақырып үндеу жасады. Бұған дейін Франция қорғаныс министрі Жан-Ив Ле Дриан Раккаға шабуылды Ирактың Мосул қаласындағы әскери операцияның аяқталуын күтпестен бастау қажет деп мәлімдеген.

Сирияның солтүстігіндегі Ракка қаласы 2014 жылдың қаңтар айынан бастап «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының бақылауында. Жихадшылар бұл қаланы өздерінің «астанасы» санайды. Қазан айының ортасында Сирия оппозициясы Түркия армиясының қолдауымен жихадшылар үшін символдық мәні бар Дабиқ қаласына бақылау орнатқан. Қазіргі кезде Ирак үкіметі Мосул қаласын қайтадан өз бақылауына алу үшін әскери операция жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG