Accessibility links

Австралия "азаматының Ауғанстанда ұрланғанын" тексеріп жатыр


Кабулдағы Америка университеті маңын қоршап тұрған әскерилер. Ауғанстан, тамыз 2016 жыл.
Кабулдағы Америка университеті маңын қоршап тұрған әскерилер. Ауғанстан, тамыз 2016 жыл.

Австралия билігі азаматының Ауғанстанда ұрланғаны туралы ақпаратты тексеріп жатқанын мәлімдеді. Австралия сыртқы істер министрлігі елшіліктің кісі ұрлау туралы ақпаратты тексеріп жатқанын айтып, басқа ақпарат бермеді.

Бұған дейін ToloTV телеарнасы Кабулда үкіметтік емес ұйымда жұмыс істейтін австралиялық әйелдің ұрланғанын хабарлаған. Биыл Ауғанстанда бірнеше шетелдік, соның ішінде екі австралиялықты ұрлап әкеткен. Сәуір айында Жалалабадта үкіметтік емес ұйымның кеңсесінен күштеп әкеткен австралиялық Керри Джейн Уилсон тамыз айында босатылған. Тамызда Кабулдағы Америка университетінде дәріс беретін тағы бір Австралия азаматы ұрланған.

XS
SM
MD
LG