Accessibility links

Трампты жанжал кезінде сахнадан уақытша алып кетті


Арнайы қызмет агенттері Дональд Трампты мінберден алып кетіп барады. Невада, АҚШ, 6 қараша 2016 жыл.
Арнайы қызмет агенттері Дональд Трампты мінберден алып кетіп барады. Невада, АҚШ, 6 қараша 2016 жыл.

АҚШ президенттігіне Республикашыл партиядан кандидат Дональд Трампты 6 қарашада Невадада сайлауалды митингісі кезінде шыққан жанжалдан қауіпсіздік қызметі оңашалап алып кетті. Кейін ол трибунаға қайта оралды, ал арнайы қызмет агенттері залдан бір адамның қолына кісен салып алып кетті. Кейбір ақпаратқа қарағанда, көпшілік арасынан әлдебір адам "Тапанша" деп айқайлаған. Бірақ ешқандай қару табылмаған.

Республикашыл партия мүшесі, Трампқа қарсы журналист Остин Крайтс қолына "Республикашылдар - Трампқа қарсы" деп жазылған плакат ұстап тұрғандықтан Трамптың жақтастары өзін соққыға жығып, тұншықтырмақ болғанын мәлімдеді. Ол өзін соққыға жыққандардың бірі "Тапанша" деп айқайлап, дүрбелең тудырғанын айтады.

Остин Крайтс өзін кісендеп алып кеткен арнайы қызмет агенттері "тұншықтырмақ болған" адамдардан өзін құтқарғанын айтты. Крайтста қару болмағандықтан оған ешқандай айып тақпай босатқан.

АҚШ-та президент сайлауы 8 қарашада өтеді.

XS
SM
MD
LG