Accessibility links

Назарбаев Жапония императоры Акихитомен кездесті


Нұрсұлтан Назарбаев Жапония императоры Акихитомен кездесіп тұр. Токио, 7 қараша 2016 жыл. (Сурет akorda.kz сайтынан алынды)
Нұрсұлтан Назарбаев Жапония императоры Акихитомен кездесіп тұр. Токио, 7 қараша 2016 жыл. (Сурет akorda.kz сайтынан алынды)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Токиода Жапония императоры Акихитомен кездесіп, екі елдің қарым-қатынасын талқылады деп хабарлайды Назарбаевтың баспасөз қызметі. Ақорданың бүгін таратқан ақпаратына қарағанда, президент Назарбаев екі елдің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде ядролық қарудан бас тарту мен оны таратпауда тығыз әріптестік орнатқанын айтқан.

Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға 6 қарашада ресми сапармен барған. 7 қарашада ол сонымен қатар Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен де кездеспек. Сапарының соңғы күні ол Хиросимаға барып, ядролық қарудан бас тарту қажеттігі туралы сөз сөйлейді деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG