Accessibility links

Ұлттық банк: KASE 7 қарашада резервтік орталықтан басқарылады


Қазақстан ұлттық банкі (Көрнекі сурет).

Қазақстан ұлттық банкі (Көрнекі сурет).

Қазақстан ұлттық банкі Almaty Towers бизнес орталығында өрт шығуына байланысты онда орналасқан Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін биржаның сауда және ақпараттық жүйелері резервтік орталықтан басқарылатынын хабарлады.

Кеше кешке Алматыда Almaty Towers бизнес орталығының жанында орналасқан көпқабатты ғимараттың шатыры өртенген. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрттен бір адам қаза тапқанын хабарлаған. Өрт кезінде ондаған эвакуацияланған. Өрт сол күні кешке сөндірілген.

Биржада сауда, клиринг пен есеп айырысу қалыпты режимде, регламент бойынша жүргізіледі дейді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

XS
SM
MD
LG