Accessibility links

ТЖД: Almaty Towers-тегі өрт құрбандары саны 6 адамға жетті


Өрт сөндіру көлігі (Көрнекі сурет).
Өрт сөндіру көлігі (Көрнекі сурет).

Алматыда Almaty Towers бизнес орталығында болған өрттен кейін тағы бес адамның мәйіті табылды деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі.

Департамент дерегіне қарағанда, төрт адамның мәйіті алтыншы қабаттан табылған. Болжам бойынша, олар монтаждау жұмыстарын жүргізген жұмысшылар болуы мүмкін. Қаза тапқандардың кім екені анықталып жатыр.

6 қараша күні кешке бизнес орталыққа жапсарлас салынған алты қабатты ғимараттың шатыры өртенген. ТЖД өрт шыққан жерде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген 1962 жылы туған ер адам газдан тұншығып оқиға орнында қаза тапқанын хабарлаған.

Өрт сағат 20.30 кезінде сөндірілген. Өрт аумағы 1800 шаршы метрді құраған. Қазір оның неден шыққаны анықталып жатыр.

Бүгін Қазақстан Ұлттық банкі өртке байланысты 7 қарашада осы орталықта орналасқан Қазақстан қор биржасының сауда және ақпараттық жүйелері резервтік орталықтан басқарылатынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG