Accessibility links

CoverGirl фирмасы хиджаб таққан қызды жарнамасына түсірді


Нура Афиа, CoverGirl косметикалық фирмасының жарнамасына түскен мұсылман қыз.

Нура Афиа, CoverGirl косметикалық фирмасының жарнамасына түскен мұсылман қыз.

Америкалық әйгілі CoverGirl косметикалық фирмасы жарнама кампаниясына өз тарихында бірінші рет хиджаб киген әйел Нура Афианы тартты. Мұсылман, әрі әдемілік пен өзін-өзі күту тақырыбында жазатын блогер Нура Афиа фирманың телеарнадағы роликтері мен онлайн баннерлеріне хиджабпен түсті.

23 жастағы Афиа - Батыс елдеріндегі ірі косметикалық фирманың жарнамасына түскен алғашқы қыз. Өткен аптада компания оның келбетін сатылымға шығарған жаңа косметикалық өнімдерін таныстыруға таңдап алған.

Нура Афианың Instragram-дағы парақшасына 300 мыңнан астам, Youtube-тағы парақшасына 215 мың қолданушы жазылған. Ол Колорадо штатының Денвер қаласында туған. Әкесі - этникалық марокколық, анасы ливандық.

XS
SM
MD
LG