Accessibility links

Назарбаев пен Абэ екі жақты қарым-қатынасты талқылады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония премьер-министрі Синдхо Абэмен кездесуде. Токио, 7 қараша 2016 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония премьер-министрі Синдхо Абэмен кездесуде. Токио, 7 қараша 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен екі елдің саяси және сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасын талқылады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 7 қарашадағы келіссөз кеңейтілген құрамда өткен.

Назарбаевтың Жапонияға сапары аясында бірқатар құжатқа, оның ішінде екі ел арасындағы "ерекше стратегиялық серіктестік туралы" келісімге, Қазақстаның инвестиция және даму министрлігі мен Жапонияның жер, инфрақұрылым, транспорт және туризм министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған.

7 қарашада Назарбаев Жапония императоры Синдзо Абэмен кездескен. Назарбаев сонымен қатар Жапония сыртқы істер министрі Фумио Кисидамен де кездескен. Қазақстан президенті 9 қарашада Хиросимаға барады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG