Accessibility links

Алматыда "Оралман" фильмін журналистерге көрсетті


Журналистерге арнап көрсетілген "Оралман" фильмінен көрініс. Алматы, 8 қараша 2016 жыл.

Журналистерге арнап көрсетілген "Оралман" фильмінен көрініс. Алматы, 8 қараша 2016 жыл.

Алматыда бүгін Қазақстандағы оралмандар тақырыбына арналған алғашқы "Оралман" деген фильмді журналистерге жабық түрде көрсетті. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, фильмде Ауғанстаннан Қазақстанға келген оралман отбасының тағдыры мен оралманның психологиясы, жергілікті халықтың оралмандарға деген көзқарасы көтерілген.

Фильм режиссері Сәбит Құрманбектің көрсетілімнен кейін өткізген баспасөз конференциясында айтуынша, оралмандар жайлы фильм түсіруге оған Азаттық сайтындағы оралмандар мәселелері жайлы жарияланған мақалалар түрткі болған. Режиссер фильмнің сценариі 2013 жылы жазылғанын, картина Тәжікстанда, Қазақстанда Сарыөзек кентінде түсірілгенін айтты.

Фильмде бас кейіпкер - Сапарқұлдың рөлін актер Дулыға Ақмолда сомдаған.

Сәбит Құрманбектің сөзіне қарағанда, картина өте аз қаржыға түсірілген. Фильм прокатқа шетелде байқауға қатысқан соң ғана прокатқа шығарылмақ.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG