Accessibility links

Павлодар әкімі "Ромат" зауыты жұмысшыларын жұмыспен қамтуға уәде берді


Павлодар әкімі Нұрдан Әшімбетов "Ромат" фармацевтикалық зауыты жұмысшыларының алдында сөйлеп тұр. Павлодар, 8 қараша 2016 жыл.
Павлодар әкімі Нұрдан Әшімбетов "Ромат" фармацевтикалық зауыты жұмысшыларының алдында сөйлеп тұр. Павлодар, 8 қараша 2016 жыл.

Павлодарда бүгін "Ромат" фармацевтикалық компаниясының ондаған жұмысшысы зауыт кеңсесіне жиналды. Бұған дейін жұмысшыларды облыс әкімі Болат Бақауовпен кездесу үшін бұл жерден жиналғандарды автобустармен алып кетеді деп жоспарланған.

Компания кеңсесіне жиналғандарды жергілікті билік өкілдері әкімдікке бармауға көндіріп бақты. Оқиға орнында Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов пен облыс әкімінің екі орынбасары Мейрам Бегентаев пен Николай Дычко да жүр. Әшімбетовтің сөзіне қарағанда, түстен кейін кәсіпорынға қалалық жұмыспен қамту бөлімінен арнайы топ келеді. Олар кәсіпорын жұмысшыларын жұмысқа орналастыру мәселесімен айналысады.

Бір күн бұрын Павлодар облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Ромат" компаниясын банкрот деп таныған. Сот шешімі бойынша, енді 500 жұмысшысы бар "Ромат" компаниясын банкрот ету процедурасы басталуы тиіс. Бұған дейін Павлодар облыстық әкімдігі банк пен компания банкроттық процедурасын осы жылдың соңына дейін ұзарту туралы келісім жасасқанын мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG