Accessibility links

Саакашвилидің әйелі Грузия депутаты мандатынан бас тартты


Сандра Рулофс Грузиядағы парламент сайлауында дауыс беріп тұр. Тбилиси, 8 қазан 2016 жыл.

Сандра Рулофс Грузиядағы парламент сайлауында дауыс беріп тұр. Тбилиси, 8 қазан 2016 жыл.

Михаил Саакашвилидің әйелі, Нидерландыдан шыққан Сандра Рулофс Грузияның оппозицияшыл "Біртұтас ұлттық қозғалыс" партиясы саяси кеңесінің отырысында партиялық тізім бойынша "екінші нөмір" ретінде алған парламент депутаты мандатынан бас тартатынын мәлімдеді.

Рулофс мұндай шешімді 8 қазанда және 30 қазанда өткен парламент сайлауларында "өрескел түрде заң бұзылғандықтан" қабылдағанын айтты. Мажоритарлық кандидат ретінде сайлауға қатысқан ол мұндай сайлауда партияның жаңа парламентте шағын фракция құруға ғана мүмкіндігі болатындықтан "парламентте жұмыс істеудің мәні жоғын" айтты.

Бұған дейін оның күйеуі, Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили партияластарын депутаттық мандаттан бас тартуға шақырған. Бірақ "Біртұтас ұлттық қозғалыс" партиясы саяси кеңесінің мүшесі Давид Дарчиашвилидің Азаттықтың Орыс редакциясына айтуынша, "партия саяси кеңесі мүшелерінің көпшілігі Михаил Саакашвили мен Сандра Рулофсты құрметтей отырып, депутаттық мандаттан бас тартпауға шешім қабылдаған".

XS
SM
MD
LG