Accessibility links

Обама Twitter-дегі 11 млн оқырманын сайлауға шақырды


АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама Twitter-дегі 11 миллион оқырманын елде өтіп жатқан сайлауға қатысуға және ол шараға жақындары мен достарын да жұмылдыруға шақырды.

АҚШ-та 8 қарашада жалпыхалықтық сайлау өтіп жатыр. Бұл күні елдің президенті мен вице-президенті, 100 сенатордың 34-і, 12 штат пен екі аумақтың (Пуэрто-Рико менАмерикалық Самоа) губернаторлары, 15 ірі қаланың мэрлері сайланады.

АҚШ президенттігіне республикашылдар партиясынан кандидат Дональд Трамп Нью-Йорктегі сайлау учаскелерінің бірінде дауыс берді. Ал демократиялық партиядан үміткер Хиллари Клинтон Нью-Йорк штатындағы Чаппакуа қаласында сайлау учаскесінде дауыс берген.

XS
SM
MD
LG