Accessibility links

Трамптың Индиана мен Кентуккиде, Клинтонның Вермонтта жеңгені айтыла бастады


АҚШ-тағы сайлау науқаны. Нью-Йорк, 8 қараша 2016 жыл.

АҚШ-тағы сайлау науқаны. Нью-Йорк, 8 қараша 2016 жыл.

АҚШ-тағы президент сайлауында республикашылдар партиясынан кандидат Дональд Трамп - Индиана мен Кентукки штаттарында, ал демократиялық партиядан үміткер Хиллари Клинтон Вермонтта жеңген болуы ықтимал деп хабарлайды АР агенттігі.

Вирджиния, Джорджия, Оңтүстік Каролина мен Флорида штаттарында дауыс әлі саналып жатыр.

АҚШ-та өтіп жатқан президент сайлауында120-140 миллиондай адам дауыс беруі тиіс болған.

АҚШ-тағы бұл жалпыхалықтық сайлауда елдің президенті мен вице-президенті, 100 сенатордың 34-і, 12 штат пен екі аумақтың (Пуэрто-Рико мен Америкалық Самоа) губернаторлары, 15 ірі қаланың мэрлері сайланды.

XS
SM
MD
LG