Accessibility links

АҚШ сайлауында Клинтон бірнеше штатта алға шықты


Хиллари Клинтонның Нью-Йорктегі жақтастары. АҚШ, 8 қараша 2016 жыл.
Хиллари Клинтонның Нью-Йорктегі жақтастары. АҚШ, 8 қараша 2016 жыл.

АҚШ-тағы президент сайауында елдің шығыс және орталық штаттарында дауыстарды санау нәтижесінде демократ Хиллари Клинтон республикашыл Дональд Трамптың алдына шықты.

АҚШ тарихындағы ең бір бәсекелі сайлауда Клинтон солтүстік-шығыс штаттарда сәл ғана басымдықпен алға шықты. Клинтон әдетте солшыл көзқарасты ұстанатын штаттарда алға шыққан. Бұл штаттардың сайлаушылар алқасында қажетті дауыс жинау үшін маңызы зор.

Трамп Кентукки, Индиана, Оклохома, Теннеси, Алабама, Оңтүстік Каролина, Батыс Вирджиния штаттарында жеңіске жеткен. Бірақ кандидаттардың сайлау кампаниялары халқы көп әрі сайлаушылар алқасында даусы басым Флорида, Огайо және Солтүстік Каролина штаттарында көп дауыс алудан үмітті.

8 қарашада Клинтон күйеуі, АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонмен Нью-Йоркте дауыс берген. Ол журналистерге "көпшілігі нәтижесін асыға күткен бұл сайлауда дауыс беруде" қатты толқып тұрғанын айтты.

Ал Трамп әйелі Мелани Трамппен бірге өзінің сайлауалды штабы орналасқан Манхэттенде дауыс берді. "Әзірге бәрі жақсы. Бүгін қызықты күн болайын деп тұр" деді Трамп.

АҚШ-та сайлаушылар президент сайлауымен қатар конгрестің өкілдер палатасының 435 мүшесін және сенаттың 34 мүшесін де сайлауға дауыс беріп жатыр. Өкілдер палатасында республикашылдар басымдықты сақтап қалады деген болжам бар. Ал демократтар сенатта басымдыққа ие болу үшін бұл жолы кем дегенде төрт орынды иеленуден үміттенеді.

XS
SM
MD
LG