Accessibility links

Трамп Флорида мен Огайо штаттарында жеңді


Нью-Йорктегі Дональд Трамптың жақтастары дауыс беруден кейінгі акция кезінде. АҚШ, 8 қараша 2016 жыл.
Нью-Йорктегі Дональд Трамптың жақтастары дауыс беруден кейінгі акция кезінде. АҚШ, 8 қараша 2016 жыл.

АҚШ-тағы президент сайлауында кандидаттар - республикашыл Дональд Трамп пен демократ Хиллари Клинтонның арасында бәсеке өте күшті болып тұр. Трамп сайлаушылар алқасында мүшесі көп, маңызды саналатын Огайо, Флорида және Солтүстік Каролина штаттарында жеңіске жетіп, алға шығып кетті. Соңғы мәлімет бойынша, ол сайлаушылар алқасында 216 дауысқа ие болды. Ал Хиллари Клинтон 197 дауыс алды. Түпкілікті жеңіске жету үшін кандидат 270 дауыс жинауы тиіс.

Трамп Техас және Миссури штаттарында, Клинтон Нью-Йорк пен Калифорния штаттары мен елдің солтүстік-шығыс штаттарының көпшілігінде жеңді.

Сайлау қорытындысы енді Мичиган, Висконсин, Нью-Гэмпшир штаттарындағы дауыстарға байланысты болмақ. Әзірге бұл штаттарда Трамп алда тұр.

Сарапшылар Клинтон сайлау алдындағы сауалнаманың көпшілігінде алда тұрғанын, бірақ Трамп бірнеше штатта болжанғаннан көп дауыс алып жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG