Accessibility links

Биржада теңгенің долларға шаққандағы бағамы сәл төмендеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Әлемдік қор нарықтарында индекстер көрсеткіші төмендеп, доллар бағамы түсе бастаған кезде Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің долларға шаққандағы бағамы сәл әлсіреді.

Биржада бүгін таңертеңгілік саудада АҚШ долларының бағамы 1 теңге 35 тиынға қымбаттап, 341 теңге 10 тиын болды. Кешегі таңғы сессияда доллар 339 теңге 61 тиын болған еді. Бүгінгі саудада 73 миллион 55 мың доллар сатылған. Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 341-342,5 теңге аралығында сатылып жатыр.

9 қарашада АҚШ-тағы сайлаудың алдын ала қорытындылары бойынша республикашыл кандидат Дональд Трамп қарсыласы демократ Хиллари Клинтоннан кәдімгідей алға шықты. Осыған байланысты әлемдік қор нарықтарында бүгін индекстер төмендеп, доллар бағамы сәл арзандады. Доллардың жапон иені мен еуроға қатысты бағамы сәл төмендеп, еуроның долларға шаққандағы бағамы 1,3 пайызға нығайды.

XS
SM
MD
LG