Accessibility links

Мәжіліс Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті мақұлдады


Парламент мәжілісінің отырысы, Астана (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісінің отырысы, Астана (Көрнекі сурет).

Қазақстан парламентінің мәжілісі 2017-2019 жылдарға Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт жасау туралы заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, заң жобасында Ұлттық қордан жыл сайынғы кепілдендірілген трансферт көлемі доллар бағамы 360 теңге деп есептегенде 2,88 триллион теңге болады деп қаралған.

"2017-2019 жылдарға есептелген кепілдендірілген трансферт жасағанда Ұлттық қорда жалпы ішкі ішкі өнім көлемінің 30 пайызынан кем емес қаржы қалады" деді Бишімбаев.

Парламент өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт көлемін 2,88 триллион теңгеден 2,47 триллион теңгеге дейін азайту туралы заң жобасын мақұлдаған. Ұлттық экономика министрінің айтуына қарағанда, трансферт көлемі республикалық бюджетке түсетін кірістің артығымен түсуі мүмкін деген болжамға байланысты азаймақ.

XS
SM
MD
LG