Accessibility links

2020 жылдан жалпыға ортақ табыс декларациясын тапсыру сенатқа жолданды


Парламент мәжілісінің жиыны, Астана (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісінің жиыны, Астана (Көрнекі сурет).

Парламнт мәжілісінің депутаттары бүгін пленарлық отырысында жалпыға ортақ табыс декларациясын тапсыруды 2017 жылдан 2020 жылға қалдыру туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжат сенаттың қарауына жіберілді.

Әуелде қаржы министрлігі жасаған табысты декларациялау жүйесінің алғашқы кезеңі 2017 жылы іске асырыла бастайды деп жоспарланған. Ол бойынша, табыс туралы декларацияны ең алдымен мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар мен судьялар және олардың жұбайлары, кейінірек ұлттық компаниялардың әкімшілік қызметкерлері мен мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысшылары тапсыратын болған.

Кейін ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жеке адамдардың жалпыға ортақ табыс және мүлік декларациясын тапсыруы "ақпараттық жүйеде кемшіліктер бары анықталуына байланысты" 2020 жылға дейін шегерілетінін хабарлған.

Бүгін мәжілісте қаралған салық салу және кедендік басқару туралы заңға түзетулер енгізу жобасында алкогольдік өнімдер мен темекі акциздерін қымбаттату қарастырылған. Алкогольдің бір литрінің бағасы 2017 жылы 2000 теңгеден 2019 жылы 2550 теңгеге дейін қымбаттамақ. Ал 2017 жылы бір мың дана темекінің бағасы 6200 теңгеден 2019 жылы 8700 теңгеге дейін қымбаттамақ.

XS
SM
MD
LG