Accessibility links

Путин Трампты сайлаудағы жеңісімен құттықтады


Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп.

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп.

Ресей президенті Владимир Путин Дональд Трампты АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткенімен құттықтады. Кремльдің ресми сайтында хабарланғандай, Путин құттықтау телеграммасында Трампқа "аса жауапты мемлекет басшысы қызметінде" табыс тілеген.

Путин құттықтауында сонымен қатар Трамппен "ресей-америка қарым-қатынасын дағдарыс жағдайынан шығаруда, халықаралық күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің шешімін табуда бірге жұмыс істейтінінен" үмітті екенін білдірген.

Путин сонымен қатар Мәскеу мен Вашингтон арасында тең құқылық принципіне, өзара құрметке негізделген және бір-бірінің ұстанымын ескеретін конструктивтік диалог орнату екі елдің және әлемдік қауымдастықтың мүдделеріне сай келетініне сенімді екенін айтқан.

Республикашыл партия атынан АҚШ президенті сайлауына түскен Дональд Трамп сайлаушылар алқасында 276 дауыс жинап, жеңіске жетті. Кандидат президент болып сайлану үшін сайлаушылар алқасындағы 540 дауыстың кеп дегенде 270-сіне ие болуы тиіс. АҚШ-тың 45-президенті болып сайланған Дональд Трамп қарсыласы, демократ Хиллари Клинтоннан 58 дауыс (218) артық жинады.

XS
SM
MD
LG