Accessibility links

Атамбаев Трампты АҚШ президенті болып сайлануымен құттықтады


Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.
Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Дональд Трампты АҚШ президенті болып сайлануымен құттықтады.

Атамбаев құттықтау телеграммасында әуелі Дональд Трампты Қырғызстан мен АҚШ арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуымен құттықтаған. Ол Трампқа амандық, мықты денсаулық пен мемлекеттік қызметте табыс, ал америкалықтарға бейбітшілік пен көркеюді тілеген.

Трамптың мемлекеттік жоғары қызметте болуы қырғыз-америка байланысын жан-жақты кеңейтуге, оның ішінде демократиялық дамуда ынтымақтастық орнатуға, әлемдік қауіп-қатерлерге бірге қарсы тұруға мүмкіндік беретініне сенімді екенін айтқан.

Республикашыл партия атынан АҚШ президенті сайлауына түскен Дональд Трамп сайлаушылар алқасында 276 дауыс жинап, жеңіске жетті. Кандидат президент болып сайлану үшін сайлаушылар алқасындағы 540 дауыстың кеп дегенде 270-сіне ие болуы тиіс. АҚШ-тың 45-президенті болып сайланған Дональд Трамп қарсыласы, демократ Хиллари Клинтоннан 58 дауыс (218) артық жинады.

XS
SM
MD
LG