Accessibility links

Назарбаев мемлекеттік сапармен Сеулге барды


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті. Токио, 7 қараша 2016 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті. Токио, 7 қараша 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үш күндік мемлекеттік сапармен Сеулге барды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Назарбаев сапар барысында Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хемен кездеспек. Президенттер екі ел қарым-қатынасы мен кейбір маңызды халықаралық мәселелерді талқылайды деп жоспарланған.

Кездесу қорытындысы бойынша Назарбаев пен Хе екіжақты құжатқа қол қоймақ. Ақорданың ақпаратына қарағанда, Назарбаев сапар барысында іскерлік топтар өкілдерімен де кездесіп, Йонсей университетіне барады.

Назарбаев Сеулге Жапониядан барған. Жапонияда ол 6-9 қараша күндері ресми сапармен болған.

XS
SM
MD
LG