Accessibility links

Қырғызстанда жаңа үкімет құрамы мақұлданды


Қырғызстан парламентінің премьер-министр Сооронбай Жээнбеков қатысқан жиыны. Бішкек, 9 қараша 2016 жыл.

Қырғызстан парламентінің премьер-министр Сооронбай Жээнбеков қатысқан жиыны. Бішкек, 9 қараша 2016 жыл.

Қырғызстан парламенті елдің жаңа үкімет құрамын мақұлдады. Жаңа үкімет құрамын парламентке премьер-министр Сооронбай Жээнбеков ұсынған.

Министр қызметіне кандидаттар арасында бұған дейін үкімет құрамында болмаған Чолпон Султанбекова бар. Ол вице-премьер Гүлмира Құдайбергенованың орнын алмастырмақ. Құдайбергенова білім министрлігі қызметіне ұсынылып отыр. Тағы бес министр жаңа қызметтерге ұсынылған.

Жээнбековтің бұрынғы үкіметі 26 қазанда - президент Алмазбек Атамбаевтың Социал-демократиялық партиясы (СДП) басқарушы коалиция құрамынан шыққан соң отставкаға кеткен. СДП-ның коалициядан шығуына ондағы кейбір серіктерінің партияның конституцияға премьер-министрдің өкілеттігін кеңейту жөнінде өзгерістер енгізу туралы ұсынысын қолдаудан бас тартуы себеп болды.

Конституция бойынша, Атамбаев 2017 жылы мандаты аяқталған соң екінші мерзімге қайта сайлауға түсе алмайды. СДП Атамбаев егер 2017 жылдан кейін премьер-министр атанса ықпалды үкімет басшысы бола алатындай өзгерістер ұсынған.

Қырғызстанда конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум 11 желтоқсанда өтеді.

XS
SM
MD
LG