Accessibility links

Обама Трампқа билікті парасатты түрде өткізіп беруге уәде берді


АҚШ президенті Барак Обама Дональд Трамптың жеңісінен соң мәлімдеме жасап тұр. Вашингтон, 9 қараша 2016 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Дональд Трамптың жеңісінен соң мәлімдеме жасап тұр. Вашингтон, 9 қараша 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама қызметкерлеріне республикашыл Дональд Трамп келесі жылы 20 қаңтарда президенттік өкілетін қабылдап алғанда билікті байсалды және сәтті өткізіп берудің барлық мүмкіндігін жасауды тапсырғанын мәлімдеді. Обама бұл туралы Трамптың сайлауда жеңіске жеткені ресми түрде расталған соң бірінші рет көпшілік алдында сөйлеген кезінде айтты.

Барак Обама Дональд Трампты телефонмен құттықтап, оны билікті өткізіп беру процесін жасау жайын бастау үшін 10 қарашада президент резиденциясына келуге шақырғанын айтты. "Билікті бейбіт түрде өткізу - біздегі демократия критерийлерінің бірі және алдағы бірнеше айда біз оны бүкіл әлемге көрсетеміз" деді Обама.

Обаманың сөзіне дейін Дональд Трамптың қарсыласы, демократ Хиллари Клинтон сайлауда жеңілгенін мойындап, "Біз шынайы болуымыз тиіс және оған елді басқаруға мүмкіндік беруіміз керек" деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG