Accessibility links

Түркияда БҰҰ трибуналының мүшесі ұсталды


Теодор Мерон, БҰҰ-ның Халықаралық қылмыстық трибунал механизмінің президенті.

Теодор Мерон, БҰҰ-ның Халықаралық қылмыстық трибунал механизмінің президенті.

БҰҰ трибуналындағы жоғары шенді судья Теодор Меронның айтуынша, Түркия билігі әскери қылмыстармен айналысатын түрік судьясы Айдын Сефа Акайды жаздағы мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен соң тұтқындаған. БҰҰ-ның Халықаралық қылмыстық трибунал механизмінің президенті Теодор Мерон Анкарадан Айдын Сефа Акайды дереу босатуды талап етті.

Меронның сөзіне қарағанда, Акай 21 қыркүйекте дипломатиялық қол сұғылмаушылық құқығы барына қарамастан "2016 жылы шілдеде Түркиядағы конституциялық құрылымға қарсы оқиғаларға қатысы бар деген күдікке ілінуіне байланысты" тұтқындалған. Айдын Сефа Акай - Руанданың бұрынғы жоспарлау министрі Августин Нгирабатвардың сот процесі барысын зерттеу тапсырылған комиссияның мүшесі. Нгирабатвар 1994 жылы Руандада хуту тайпасынан шыққан экстремистер тутси тайпасынан шыққан 800 мыңнан астам адамды қырып тастаған геноцидке қатысы бар деген айыппен 30 жылға сотталған.

XS
SM
MD
LG