Accessibility links

Қазақстанда СПИД-ке қарсы айлық басталды


"Қазақстандағы дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні" тақырыбындағы баспасөз конференциясына қатысушылар. Алматы, 10 қараша 2016 жыл.

"Қазақстандағы дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні" тақырыбындағы баспасөз конференциясына қатысушылар. Алматы, 10 қараша 2016 жыл.

Қазақстанда 10 қарашада 10 желтоқсанға дейін СПИД-пен күрес айлығы басталды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз конференциясында СПИД-пен күрес кампаниясының өкілдері жариялады. Жиынға республикалық СПИД-тің алдын алу және онымен күрес орталығы директорының орынбасары Ирина Петренко, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бөлім басшысы Наталья Сүлейменова, БҰҰ-ның ВИЧ/СПИД бағдарламасының Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Александр Голиусов және тағы бірнеше адам қатысты.

Жиынға қатысқандардың айтуынша, айлық кезінде тұрғындардың ВИЧ/СПИД туралы сауатын арттыру, қоғам назарын осы індетке аударту, індеттің алдын алу бағдарламаларын қолдау, ВИЧ-пен ауыратын адамдарға қатысты кемсітушілікті жою мақсатында түрлі шаралар өткізіледі.

БҰҰ-ның ВИЧ/СПИД бағдарламасының мәліметінше, әлемде соңғы бес жылда жыл сайын шамамен 1,9 миллион адам ВИЧ жұқтырады. Ал Қазақстанда тұрғындар арасында ВИЧ-тің таралу деңгейі халық санының 0,1 пайызынан аспайды.

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG