Accessibility links

Тәжікстандағы АҚШ елшілігі теракт қаупі туралы ескертті


Душанбедегі АҚШ елшілігі.

Душанбедегі АҚШ елшілігі.

Душанбедегі АҚШ елшілігі Тәжікстандағы америкалықтарды ықтимал теракт болу қаупі барын ескертіп, барынша мұқият болуға шақырды. 9 қарашада елшілік сайтында жарияланған ескертуде елшілікке түскен ақпарат бойынша террористік топтардың өз іс-әрекетін халық көп шоғырланған орындарда жасауға тырысатыны және осы мақсатта Ауғанстанмен шекараны асып келуге ниетті екені айтылған. Елшілік аталған ескертудің тек Тәжікстанның ішіне қатысы барын айтады. АҚШ-тың Душанбедегі елшілігі осыған байланысты жұрт көп жүретін орындарға барудан және қоғамдық көлікті пайдаланудан мүмкіндігінше тартына тұруға шақырады. Елшілік әсіресе Таулы Бадахшан облысына барғанда ауған шекарасына жақын жүрмеуді, кешкі уақыттары ашық жерлерде қалмауды ескертеді.

Елшілік 10 қарашада қалыпты режимде жұмыс істейтінін, 11 қарашада ардагерлер күні мерекесіне байланысты елшілік ашық болатынын айтады.

Өткен айда АҚШ-тың Қырғызстандағы елшілігі азаматтарын ықтимал теракт болу және адамдарды ұрлау қаупі бары туралы ескерткен.

XS
SM
MD
LG