Accessibility links

Дональд Трамп 10 қарашада АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткеннен кейін бірінші рет Ақ үйге барады. Оны Ақ үйге келіп қайтуға 9 қарашада президент Барак Обама шақырған.

Дональд Трамп сайлауда Демократиялық партия кандидаты Хиллари Клинтоннан күтпеген жерден басым түскеннен бірнеше сағаттан соң Барак Обама "көзқарас қайшылығына" қарамастан билікті жаңа сайланған президентке парасатты түрде тапсырудың барлық шарасын жасауға уәде берген. Обама бұдан соң көшеде наразылық танытып жатқандарға шығып, Трампқа қарсы дауыс берген және оның сайлануын әліге дейін қабылдамай жатқан демократтармен сөйлесті.

"Біз іс жүзінде барлығымыз бір командадамыз. Біз ең алдымен демократ емеспіз, республикашыл емеспіз. Біз ең әуелі америкалықпыз, патриотпыз" деді Обама.

Дональд Трамптың инаугурациясы 20 қаңтарға белгіленді. Ол АҚШ-ты сегіз жыл бойы (төрт жылдан екі мерзім) басқарған Обамадан билікті қабылдап алады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG