Accessibility links

Керри америкалық дипломаттарды Трамптың адамдарына көмектесуге шақырды


Джон Керри, АҚШ мемлекеттік хатшысы
Джон Керри, АҚШ мемлекеттік хатшысы

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мемлекеттік департамент қызметкерлерін президент болып сайланған Дональд Трамптың болашақ әкімшілігімен толық ынтымақтаса жұмыс істесуге шақырды.

Демократиялық партия өкілі Хиллари Клинтонның сайлауға түсіп, жеңіліп қалуына байланысты демократтардың күйзелісінен соң Керри 10 қарашада мемлекеттік департамент қызметкерлері АҚШ пен бүкіл әлем алдында тұрған маңызды мәселелерді ұмытып кетпеуі тиіс екенін мәлімдеді.

"Демократияның ең бір тамаша элементтерінің бірі және біз ерекше мақтанатын нәрсе - ол АҚШ-та билікті бейбіт түрде тапсырудың таңқаларлық процесі жүріп жатқаны" деп мәлімдеді Керри Жаңа Зеландияға сапарында Крайсчерч қаласында журналистер алдында.

"Біз қолдан келгеннің барлығын жасаймыз және командама тапсырғанымдай, қызметке кірісетін жаңа әкімшілікпен барынша ашық жұмыс істесеміз. Осылайша, билікті барынша парасатты түрде, алда тұрған маңызды мәселелер бойынша соққы алмай тапсырамыз" деді Джон Керри.

Керри Жаңа Зеландияға Антарктиға кетіп бара жатқан жолында аялдаған. Антарктидада ол Росса теңізіндегі құрылуына өзі көмектескен әлемдегі ең ірі теңіз паркіне бармақ.

XS
SM
MD
LG