Accessibility links

AI: Ирак әскері Мосул түбінде бейбіт тұрғындарды азаптап, өлтірген


Ирак әскерилері Мосул түбінде ИМ содыры болуы мүмкін деп ер адамды ұстап тұр. Ирак, 7 қараша 2016 жыл.

Ирак әскерилері Мосул түбінде ИМ содыры болуы мүмкін деп ер адамды ұстап тұр. Ирак, 7 қараша 2016 жыл.

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Ирактың Мосул қаласының маңындағы елді мекендерде Ирак әскерилерінің тұрғындарды азаптап, өлтірген болуы мүмкін екенін көрсететін мәлімет алғанын мәлімдеді.

Лондонда орналасқан ұйым өткен айдың соңында Мосулдың оңтүстігінде орналасқан бірнеше елді мекеннің алты тұрғыны экстремистік "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымына қатысы бар болуы мүмкін деген күдікпен өлтірілгенін хабарлады.

Ирак үкіметі әскері америкалық әуе шабуылдарының және күрдтердің әскериленген Пешмерга жасақтарының қолдауымен Мосул қаласын ИМ-нен азат ету операциясын жүргізіп жатыр.

"Федералдық полиция киімін киген адамдар бірнеше адамды заңсыз ұстап, салқынқандылықпен өлтіре салған" дейді AI-дің Бейруттегі аймақтық кеңсесінің зерттеу бойынша директорының орынбасары Лин Маалуф. Ол кейбір жағдайларда бұл елді мекендердің тұрғындарын өлтіргенге дейін азапталғанын айтты.

Құқық қорғау ұйымы Ирак үкіметін бұл ақпаратқа қатысты тексеру жүргізуге шақырды.

XS
SM
MD
LG