Accessibility links

Республикашылдар Трампты шекараға қабырға тұрғызбауға көндірмек


АҚШ-тың Мексикамен шекарасындағы қабырға, Аризона штаты (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың Мексикамен шекарасындағы қабырға, Аризона штаты (Көрнекі сурет).

АҚШ конгресіндегі Республикашыл партия өкілдері жаңа сайланған президент Дональд Трампқа Мексикамен шекарада бетоннан қабырға тұрғызу жоспарынан бас тартуды ұсынбақ.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, республикашылдар миллиардер Дональд Трампты метал тордан арзандау түсетін қоршау тұрғызып, федералдық шекара қызметі қызметкерлерінің санын арттыруға көндіруді ойластырып жатыр. Трамптың жоспарына қарсылар жер бедерінің ерекшелігіне және жоба құнының қымбаттығына байланысты бетоннан қабырға тұрғызу мүмкін емес дейді. Миллиардердің өзі бұған дейін Мексикамен шекарада бетон қабырға тұрғызу 8 миллиард доллардан аспайтынын мәлімдеген.

Дональд Трамп сайлауалды кампаниясында АҚШ-та тұратын, Мексикадан келген кейбір мигранттарды "қылмыскер және зорлықшыл" деп атаған. Ол президент болып сайланса, АҚШ-қа сырттан келген, заңсыз тұрып жатқан барлық адамды депортациялауға уәде берген. Трамп сонымен қатар Мексикамен шекараға қабырға салу жоспары барын да айтқан.

XS
SM
MD
LG