Accessibility links

"Талибан" содырлары Мазари-Шарифте Германия консулдығына шабуылдады


Мазари-Шарифтегі шабуылдардың бірінен кейінгі көрініс, Ауғанстан (Көрнекі сурет).
Мазари-Шарифтегі шабуылдардың бірінен кейінгі көрініс, Ауғанстан (Көрнекі сурет).

Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласында Германия консулдығына "Талибан" содырлары шабуыл жасады. Содырлар шабуылда жарылғыш заттар тиелген көлікті пайдаланған. Шабуылдан ондаған адам жараланды, олардың көпшілігі - әйелдер мен балалар.

Балх уәлаяты губернаторы баспасөз хатшысының Азаттықтың Ауған редакциясына хабарлауынша, шабуыл 10 қараша күні жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 11-де болған. Жанкешті жарылғыш заттар жасырылған көлікті консулдықтың дуалына айдап әкеліп соққан. Шабуылдан консулдық қоршауында үлкен ойық пайда болып, қалған содырлар сол арқылы консулдық территориясына кірмек болған.

"Талибан" өкілі шабуыл жауапкершілігін ұйым мойнына алатынын мәлімдеді. Түн ортасында консулдық орналасқан ауданда атыс үндері естіліп жатты. Бірақ қауіпсіздік қызметінің өкілдері консулдықта адамдарды қабырғадағы ойықтан үркіту үшін аспанға оқ атылғанын айтып, атыс болғанын жоққа шығарды.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жараланғандар арасында консулдыққа көршілес үйлерде тұратын тұрғындар да бар. Зардап шеккендердің көпшілігіне мина жарықшақтары тиген. Мазари-шариф дәрігерлері ауруханаға 30 адам түскенін айтады. Жанкештіден өзге қаза тапқан адамның бар-жоғы әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG