Accessibility links

Адвокаттар: Боқаев пен Аян сотында заттай айғақ хаттамалары бұрмаланған


Азаматтық белседі Макс Боқаев өзіне қарсы сотта. Атырау, 10 қараша 2016 жыл.
Азаматтық белседі Макс Боқаев өзіне қарсы сотта. Атырау, 10 қараша 2016 жыл.

Атырауда азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат аянның ісі бойынша өтіп жатқан сотта адвокаттар сотқа дейінгі тергеу кезінде жасалған заттай айғақ хаттамаларының арасынан айырмашылық табылғанын мәлімдеді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, 10 қараша күні түстен кейінгі сот отырысында заттай айғақты қарау барысында сотқа дейінгі ішкі істер департаменті (ІІД) жасаған тергеу кезіндегі заттай айғақ хаттамасы мен сотқа тапсырылған заттай айғақ қорытындысының арасынан айырмашылық табылған. Адвокаттар мұны "бұрмалаушылық" деп мәлімдеп, бұл айғақтардың енді сот зерттеуіне жатпайтынын айтып, сараптаманың өзіне сараптама жасауды талап етті. Заттай айғақ ретінде белсенділердің Facebook-тегі парақшалары мен ондағы жазбалар алынған.

Кеше түске дейін ІІД тершеушісі Руфхат Жұмағалиевтан жауап алынып, ол адвокаттардың "Белсендіердің Facebook-тегі парақшасына қалай кіріп зерттедіңіз" деген сауалына дұрыс жауап бере аламаған еді. Хаттамалардан белгілі болғандай, ол хаттамалардың ІІД-де емес, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облыстық департаментінде жасалғаны анықталды. Сотталушылар мен олардың яғни ол кезде істі ІІД тергеп жатқандықтан оған ҰҚК департаменті араласпауы тиіс болғанын, себебі ол кезде іс ҰҚК-ге берілмеген деп дәлеледеді. Мұны судья Гүлнәр Дәулешова да мойындап, тергеуші Жұмағалиевты бүгінгі сотқа қайта шықырды.

Сот кезінде ҰҚК-нің Боқаев пен Аянның Facebook-тегі парақшаларына "Евгений" деген аккаунпен кіріп зерттеу жасағаны белгілі болып, оған байланысты үлкен дау туды. Сот та, прокурорлар да бұған қатысты ештеңе айта алмады.

Азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аян сәуірдің 24-і күні Атырауда өткен жер реформасына қарсылық митингісінен соң қамауға алынған. Олардың үстінен "заңсыз митинг ұйымдастырған" және "араздық қоздырған" деген айыптар бойынша қозғалған қылмыстық іс қазір Атырау сотында қаралып жатыр. Белсенділер өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды. Белсенділердің соты 12 қазанда басталған.

XS
SM
MD
LG