Accessibility links

Ақтөбеде тұрғынды "ВКонтактідегі" аудиосының мазмұнына байланысты соттап жатыр


Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық соты (Көрнекі сурет).

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық соты (Көрнекі сурет).

Ақтөбеде қаланың 18 жастағы тұрғыны Мәулід Еменов әлеуметтік желіде аудиожазба жариялаған соң терроризмді насихаттады деген айып бойынша сотқа тартылды.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Илиада Досованың Азаттыққа айтуынша, Мәулід Еменовке қатысты сот 9 қарашада басталған.

Күдіктінің "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында сегіз аудио жазба жарияланған соң оған "телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып терроризмді насихаттады" деген айып тағылған. Құқық қорғау органдары ол аудиоларды экстремистік мазмұнда деп тапқан. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, аудио таспалар мұсылманша әндер туралы болған.

Сот ақпаратына қарағанда, іс материалдары Ақтөбе қалалық №2 сотына 28 қазанда түскен. Күдіктінің қашан және қайда ұсталғаны әзірге белгісіз. Істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеген. Істі судья Нұрлан Бисени қарап жатыр.

XS
SM
MD
LG