Accessibility links

Ұйым: Мемлекеттік БАҚ-қа бөлінетін қаржының қалай жұмсалатыны белгісіз


Қазақстандық медиа нарықты дамыту мәселелеріне арналған жыл сайынғы 9-медиа құрылтайға қатысушылар. Алматы, 11 қараша 2016 жыл.
Қазақстандық медиа нарықты дамыту мәселелеріне арналған жыл сайынғы 9-медиа құрылтайға қатысушылар. Алматы, 11 қараша 2016 жыл.

Қазақстанда БАҚ-қа мемлекеттік саясатты насихаттау үшін бөлінетін қаржының қалай жұмсалатыны белгісіз, ол туралы мүлдем ақпарат жоқ. Бұл туралы бүгін Алматыда басталған жыл сайын өтетін тоғызыншы медиа құрылтайда "Құқықтық медиа орталығы" қоғамдық ұйымы жасаған баяндамада айтылды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, ұйым жетекшісі Диана Окремова зерттеулері бойынша мемлкеттік БАҚ-тарға 2016 жылы 41,7 миллиард, 2015 жылы 42,8 миллиард, 2014 жылы 39 миллиард, 2013 жылы 34,9 миллиард теңге бөлінгенін айтты. Оның сөзінше, қаржы ең көп бөлінетін ақпарат құралдары - "Қазақстан", "Хабар" телеарналары, ҚазАқпарат агенттіг", "Егеман Қазақстан" басылымы болған.

- БАҚ-қа бөлінетін қаржының қалай жұмсалатыны туралы ақпарат мүлдем жоқ. Оны ешкім білмейді. Мемлекеттік тиісті органдар, министрлік мұның есебін беруі тиіс, - дейді Окремова.

Қазақстан Баспасөз клубы ұйымдастырған медиа құрылтайда қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары нарығын дамыту мәселесі талқыланып жатыр. Биылғы медиа құрылтайдың тақырыбы "Ақпараттық саясат өзгеріп жатқан жағдайдағы медиа нарық" деп аталады.

Жиынға БАҚ саласының басшылары, саясаттанушылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев қатысып жатыр.

XS
SM
MD
LG