Accessibility links

Ресейде жүк көліктерінің жүргізушілері наразылығы қайта басталмақ


Мәскеудегі жүк көліктері жүргізушілерінің наразылығы. 3 сәуір 2016 жыл.

Мәскеудегі жүк көліктері жүргізушілерінің наразылығы. 3 сәуір 2016 жыл.

Ресейдің бірнеше қаласында бүгін жүк көліктерінің жүргізушілері федералдық жолдарда жүргені үшін төлейтін салыққа қарсы жаңа наразылық акцияларын бастамақ. Федералдық жолдарда жүргені үшін жүк көліктеріне салық салатын "Платон" жүйесі бір жыл бұрын енгізілген.

Азаттықтың Орыс редакциясының хабарлауынша, Ресей тасымалдаушылар бірлестігінің төрағасы Андрей Бажутин митингілерде саяси талаптар да көтерілетінін де айтты. Оның сөзінше, жүргізушілер наразылық танытқаны үшін қысымға ұшырап отыр. Мысалы, Саратовта жүк көліктерінің жүргізушілеріне бұған дейін рұқсат берілгеніне қарамастан "Платон" жүйесіне қарсы автошеру өткізуге тыйым салған.

Наразылық акциялары Ресейдің 25-тен астам ақаласында өтеді деп жоспарланып отыр. Қарашаның басында үкіметтің "Платон" жүйесі тарифін екі есеге қымбаттатуды ұсынғаны белгілі болған.

"Платон" төлем алу жүйесі 2015 жылы 15 қарашада іске қосылған. Ол бойынша, салмағы 12 тоннадан асатын жүк көліктерінен жолға келтіретін зардабын азайту үшін төлем алына бастаған. Ресейдің ондаған қаласында жүк көліктері жүргізушілерінің қарсылық акциялары басталған. Жүргізушілер сонымен қатар қаржыны жинаумен президент Владимир Путиннің жақын досы Аркадий Ротенбергтің ұлының жекеменшік компаниясы айналысатынына да наразы.

XS
SM
MD
LG