Accessibility links

Боқаев пен Аянның сотында "жер митингісіне" берілген ақшаны көрсетті


Макс Боқаев пен Талғат Аянның сотында заттай айғақ ретінде тәркіленген "жер митингісін қаржыландыруға берілген ақшаны" көрсетіп жатыр. Атырау, 11 қараша 2016 жыл. (Монитордан түсірілген сурет).
Макс Боқаев пен Талғат Аянның сотында заттай айғақ ретінде тәркіленген "жер митингісін қаржыландыруға берілген ақшаны" көрсетіп жатыр. Атырау, 11 қараша 2016 жыл. (Монитордан түсірілген сурет).

Атырауда белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісі бойынша сотта заттай айғақтармен танысу одан ары жалғасты. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бүгінгі сотта шымкенттік бизнесмен Тоқтар Төлешовтің "таныстары арқылы Талғат Аянға беріп жіберді" делінген 50 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшаны да көрсетті.

Сотта бұған дейін қашықтан видео конференция арқылы жауап берген куәгер Марлан Есілбаевтан тәркіленген 50 мың АҚШ доллары деп тергеушілер біраз ақшаны үстелге жайып тастады. Судья оны санап отырды. Бұдан соң айғақ ретінде тәркіленді деген сөмке мен футболканы көрсетті.

Талғат Аян футболканың бұған дейін сотта өзіне қарсы куәлік берген белсенді Ринат Қибраевтікі екенін айтып, судьядан кинологтың көмегімен бұл айғақ заттардың өзінікі болғанын, немесе болмағанын анықтауды сұрады. Судья мұндайды кинологпен анықтауға болатыны туралы бірінші рет естіп тұрғанын айтқан. Аян мұндай сараптаманың криминалистік одорология деп аталатынын айтты.

Бұдан соң судья бұл мәселе бойынша ішкі істер департаментіне сауал жолдайтынын айтып, мәселені ашық қалдырды.

Бүгін бұдан бұрын сотта Талғат Аянның адвокаты Төлепқали Аянов соттан "жер митингілерін қаржыландырды" деген айыппен сотталған Тоқтар Төлешовтің үкімін іске қосуды сұрады. Бірақ судья Төлешовтің соты жабық болғанын және үкім әлі күшіне енбегенін айтты.

XS
SM
MD
LG