Accessibility links

ҮЕҰ: Шымкентте биыл 30 адам құлдықтан құтқарылды


Оңтүстік Қазақстан облысы үкіметтік емес ұйымдарының облыстық жетінші азаматтық форумына қатысуушылар. Шымкент, 11 қараша 2016 жыл.

Оңтүстік Қазақстан облысы үкіметтік емес ұйымдарының облыстық жетінші азаматтық форумына қатысуушылар. Шымкент, 11 қараша 2016 жыл.

Шымкентте жыл басынан бері 30 адам құлдықтан құтқарылды деп хабарлады бүгін Шымкентте өткен Оңтүстік Қазақстан облысы үкіметтік емес ұйымдарының облыстық жетінші азаматтық форумында "Сана сезім" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Хадиша Абышева.

"Биылдан бастап адам саудасының құрбандары болған азаматтарға әлеуметтік, психологиялық, құқықтық көмек беру мақсатында орталық аштық. Қазіргі таңда онда 10 адам көмек алып жатыр дейді төрайым.

Хадиша Абышеваның сөзінше, жыл басынан бері бірлестікке адам саудасына тап болған 179 адам хабарласып, көмек сұраған. Бірлестіктің көмегімен құлдықтан 30 адам құтқарылған.

- Олардың басым бөлігі жұмысқа жегілгендер. Сексуалдық зорлыққа ұшырағандар да көп кездеседі. Олардың ішінде шет ел азаматтары да бар, - дейді төрайым.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG