Accessibility links

Мәскеу билігі Сириядағы соғысқа қарсы митингіге рұқсат бермеді


Оппозицияшыл 5 Желтоқсан партиясы жетекшілерінің бірі Сергей Давидис.
Оппозицияшыл 5 Желтоқсан партиясы жетекшілерінің бірі Сергей Давидис.

Мәскеу билігі оппозиция мен азаматтық белсенділерге Сириядағы соғысқа қарсы митинг өткізуге рұқсат беруден бас тартты. Бұл туралы акцияны ұйымдастырушы, оппозицияшыл 5 Желтоқсан партиясы жетекшілерінің бірі Сергей Давидис хабарлады. Рұқсат ебуден не себепті бас тартылғанының себебі әзірге белгісіз. Акцияны ұйымдастырушылар биліктің шешіміне сотқа шағымданбақ.

Ресей және Сирия үкіметі әскери ұшақтарының бомбалауынан Алеппода бейбіт тұрғындардың опат болып жатқанына қарсы 20 қарашада митинг өткізу туралы өтініш 7 қарашада берілген. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, акцияның мақсаты қоғам назарын Ресейдің Сириядағы әрекетіне және Кремльдің тұтас алғандағы "агрессиялық сыртқы саясатына" аударту болған.

Митинг өткізу туралы бастаманы сонымен қатар Халық еркіндігі партиясы (ПАРНАС), Ресей либертариандық партиясы мен "Адам құқығы үшін" қозғалысы, "Солидарность" қозғалысы да көтерген.

Сирия үкіметінің армиясы Ресей авиациясының қолдауымен Алеппоның көтерілісшілер бақылайтын аудандарына соққы беріп жатыр. Батыс елдері Ресейді Алеппоны бомбалау кезінде әскери қылмыс жасады деп айыптайды. Мәскеу бұл айыпты жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG