Accessibility links

Дональд Трамп билік өкілетін қабылдап алуды қадағалауды Майк Пенске жүктеді


Майк Пенс (сол жақта) пен Дональд Трамп. Нью-Йорк, 9 қараша 2016 жыл.
Майк Пенс (сол жақта) пен Дональд Трамп. Нью-Йорк, 9 қараша 2016 жыл.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп өзімен бірге сайлауға түсіп, вице-президент болып сайланған Майк Пенсті өтпелі команда басшысы етіп тағайындады. Пенс Ақ үйдің жаңа әкімшілігіне билікті өткізіп беруге жетекшілік ететін болады деп хабарлады жұма күні The New York Times басылымы.

Пенске жаңа әкімшіліктегі негізгі лауазымды орындарға адамдарды іріктеу міндеті жүктелген. Басылым ақпараты бойынша, Трамп мұндай шешімді Пенстің іс-тәжірибесі мен Вашингтондағы байланысын ескеріп қабылдаған. Ал бұған дейін осы топқа жетекшілік жасаған Нью-Джерси штаты губернаторы Крис Кристи команда құрамында қала береді.

Сонымен бірге аталған топта Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Рудольф Джулиани және АҚШ қорғаныс министрлігі барлау басқармасының бұрынғы бастығы Майкл Флинн де бар.

Бейсенбі күні Ақ үйде Дональд Трамппен кездескен қазіргі президент Барак Обама билікті жаңа әкімшілікке өткізіп беру үшін қажетті барлық мүмкіндікті жасауға уәде еткен.

АҚШ-та қарашаның 8-і өткен президент сайлауы нәтижесі бойынша, республикалық партия кандидаты Дональд Трамп жеңіске жеткен. Жаңадан сайланған президентті ұлықтау рәсімі бұрыннан бері жалғасып келе жатқан дәстүрге сай алдағы жылғы қаңтардың 20-сында өтеді.

XS
SM
MD
LG