Accessibility links

Германия Африка экономикасын дамытуға қолдау танытуға шақырды


Түркиядан Грекия аралына қайықпен жолға шыққан мигранттар. 4 қараша 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Түркиядан Грекия аралына қайықпен жолға шыққан мигранттар. 4 қараша 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Германия билігі өзге дамыған елдерді Африка экономикасына қолдау танытуғ шақырды. Германия ұсынған «Африкаға арналған Маршалл жоспары» Еуропаға босқындар легін азайтуды көздейді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Германияның экономикалық ынтымақтастық және даму министрі Герд Мюллер жоспардың жай-жапсарымен жақын күндері таныстыруға уәде еткен. Оның сөзінше, Африкаға экономикалық қолдау көрсету жаңа жұмыс орындарының ашылуына жәрдемдесіп, жас азаматтардың басқа елге кәсіп іздеп кетпеуіне септесетін болады.

Халықаралық көші-қон ұйымының есебі бойынша, 2016 жылы кемінде 160 мың адам Жерорта теңізі арқылы Африкадан Италияға барған, олардың төрт мыңға жуығы жол-жөнекей қазаға ұшыраған.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа экономикасын қалпына келтіру және дамытуға арналған АҚШ бағдарламасы «Маршалл жоспары» деген атауға ие болған.

XS
SM
MD
LG