Accessibility links

Алматыда Заманбек Нұрқаділовті еске алды


Заманбек Нұрқаділовтің зират басындағы мүсіні.
Заманбек Нұрқаділовтің зират басындағы мүсіні.

Алматыда бүгін қоғам өкілдері оппозициялық саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің Кеңсайдағы зиратына гүл шоқтарын қойып, марқұмға құран бағыштады. Нұрқаділов өмірінің соңғы кезеңінде оппозиция қатарында бірге болған адамдар зират басында ол туралы ойларымен бөлісті деді марқұмды еске алуға барғандардың бірі Ермұрат Бәпи Азаттыққа.

Алматы қаласы мен Алматы облысының бұрынғы әкімі, бұрынғы төтенше жағдайлар жөніндегі агенттік басшысы Заманбек Нұрқаділов 2005 жылғы қарашаның 12-і кешкісін Алматыдағы үйінде жұмбақ жағдайда қаза тапқан. Ресми тергеу «Нұрқаділов өз-өзін екі рет кеудесінен және бір рет басынан тапаншадан атып қаза болған» деген қорытынды жасады. Бірақ оппозиция «билікті сынаған қайраткер қастандық құрбаны болған» деп санайды.

2004 жылы наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын сынап мемлекеттік қызметтен екінші рет кеткеннен кейін ол елдегі оппозиция қатарына қосылып, Қазақстандағы коррупцияға қарсы қоғамдық комитет құратынын жариялаған еді.

Заманбектің өмірі мен өлімі. Азаттық фотогалереясы:

XS
SM
MD
LG