Accessibility links

Ирак армиясы ежелгі Ассирия астанасынан исламшылдарды ығыстырған


Нимруд қаласындағы ежелгі заманғы ғимараттар. Ирак, 23 наурыз 2012 жыл.

Нимруд қаласындағы ежелгі заманғы ғимараттар. Ирак, 23 наурыз 2012 жыл.

Ирак үкімет күштері елдің солтүстігінде «Ислам мемлекеті» экстремистік тобын ығыстырып, ежелгі заманғы Ассирия патшалығы астанасы болған Нимруд қаласын қайтадан бақылауына алған. Бұл туралы бүгін Reuters хабарлады.

Ирактағы ең көне қалалардың бірі, біздің дәуірімізге дейінгі 13 ғасырда негізі қаланған Нимруд Мосулдан 30 шақырым жерде орналасқан. Тарихшыларға ең алғашқы империя ретінде белгілі Ассирияның астанасы бірнеше жүз жыл бойы осы территорияда орналасқан. Соңғы екі жыл бойы Нимруд исламшылар қолында болды. Осы уақыттың ішінде олар тарихи құнды ескерткіштердің елеулі бөлігін жойып, ассириялық храмдардың бірін жарып жіберген.

Қазанның 17-сі күні Ирак үкімет әскері мен күрдтердің пешмерга жасағы 2014 жылдан бері «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы қолында ұстап келген Мосул қаласына шабуыл бастаған. Оларға АҚШ бастаған коалиция күштері әуеден қолдау көрсеткен. Шабуылға шыққан үкімет армиясы мен пешмерга жасағы екі аптаның ішінде Мосулдың іргесіне келіп жеткен.

XS
SM
MD
LG