Accessibility links

Парижде шабуылға ұшыраған «Батаклан» концерт залы қайта ашылды


«Батаклан» концерт залы. Париж, 17 қараша 2015 жыл.
«Батаклан» концерт залы. Париж, 17 қараша 2015 жыл.

Парижде былтыр қарашаның 13-і күні террорлық шабуылдар жасалған нысандардың бірі – «Батаклан» концерт залы арада бір жыл өткенде қайта ашылды. Оның сахнасынан британдық әнші Стинг өнер көрсетті. Концерт басталмас бұрын жұртшылық былтырғы шабуылда қаза тапқан 90 адамды бір минут үнсіздікпен еске алды. Жиналғандар арасында былтырғы шабуылда қаза тапқандардың туыстары мен достары болды.

«Біз оларды ұмытпаймыз», - деген Стинг. Концерттен түскен қаржы террорлық шабуыл құрбандары отбасыларына жәрдем көрсететін қайырымдылық қорларына аударылматыны хабарланды.

2015 жылғы қарашаның 13-і күні Парижде үйлестіріліп жасалған бірнеше террорлық шабуыл салдарынан кемінде 130 адам қаза тауып, 350-ге жуық адам зардап шеккен. Мерт болғандардың 90-ы «Батаклан» концерт залында өлтірілген. Бұл шабуылдар үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы өзіне алған.

XS
SM
MD
LG