Accessibility links

Сирия үкіметі әскері Алеппо маңындағы екі ауданға бақылау орнатқан


Алеппоның батысында жүрген Сирияның үкімет әскері. 10 қараша 2016 жыл.

Алеппоның батысында жүрген Сирияның үкімет әскері. 10 қараша 2016 жыл.

Сирияның үкімет әскері елдің солтүстігінде осыдан екі апта бұрын Алеппоның шығысындағы қоршауды бұзып өтуге әрекет жасаған көтерілісшілердің қолына өткен бірнеше ауданды қайтадан бақылауына алған. Бұл туралы Сирия мемлекеттік ақпарат құралдары мен Ұлыбританияда орналасқан сириялық құқыққорғау ұйымы хабарлады. Әңгіме Алеппоның батыс жағындағы Әл-Асад және Миньян аудандары туралы болып отыр.

Ресейлік «Интерфакс» агенттігінің әскери-дипломатиялық ортадағы дерек көзіне сілтеме жасап хабарлауынша, Сирия жағалауына барып жеткен ресейлік әскери-теңіз күштері тобында қанатты зымырандары бар «Адмирал Григорович» фрегаты, әскери ұшақ тасығыш «Адмирал Кузнецов» крейсері және «Петр Великий» атом зымыранды крейсері бар.

Жұма күні таратылған ақпаратта Ресей әскери кемелерінің Сириядағы исламшыл топтар позицияларына кез-келген уақытта соққы беруге дайын тұрғаны айтылған.

XS
SM
MD
LG