Accessibility links

Мәнерлеп сырғанаудан Парижде (Франция) өткен Grand Prix жарысының кезеңінде қазақстандық Денис Тен күміс медаль алды - 269,26 ұпай. Ол қысқа бағдарламада 89,21 ұпай, ал негізгі бағдарламада 180,05 ұпай жинады.

Алтынды испаниялық Хавьер Эрнандес (285,38), қоланы АҚШ спортшысы Адам Риппон (267.53) иеленді.

Бұл - Денис Теннің биылғы маусымдағы алғашқы жарысы. Ол АҚШ-тағы Grand Prix кезеңіне қатысу керек болған. Бірақ жарақатына байланысты Чикагодағы жарысқа бармады. Денис Тенді биылғы жарыстарға ресейлік Николай Морозов пен америкалық Фрэнк Кэролл дайындады.

Тен 2014 жылы Сочиде өткен олимпиада ойындарында қола медаль алған.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG