Accessibility links

Хиллари Клинтон: Джеймс Комидің ісі сайлау науқаныма нұқсанын тигізді


АҚШ президенттігіне кандидат Хиллари Клинтон.
АҚШ президенттігіне кандидат Хиллари Клинтон.

АҚШ президенті сайлауында жеңіске жете алмаған Хиллари Клинтон өзінің жеңілісі үшін федералдық тергеу бюросы (FBI) басшысы Джеймс Комиді айыптады. Оның пікірінше, Коми сайлауға 11 күн қалғанда Клинтонға қарсы тергеу қайта басталатыны туралы Конгреске хабарлап, баспасөзде қолайсыз пікірлер тудырған, сөйтіп, Клинтонға президенттік сайлау науқанын сәтті аяқтауға кедергі жасаған. Клинтон бұл туралы өз қаржы донорларымен өткізген телеконференция кезінде мәлімдеген.

Клинтонның электронды хат-хабар алмасуына қатысты айыптаулар 2015 жылы наурызда басталған. Оның бұрын АҚШ мемлекеттік хатшысы болған кезде қызмет бабындағы хаттарды жеке поштасы арқылы жазғаны анықталған. 2016 жылы жазда Коми Клинтон өте салақтық танытқанын, бірақ қылмыс жасау ниеті болмағандықтан оны сотқа тартудың мәнісі жоқ екенін мәлімдеген.

Бірақ Клинтонның электронды хат-хабар алмасуына қатысты мәселе 2016 жылғы қазан айының соңында қайта көтерілген. FBI басшысының Клинтон хаттарына байланысты жаңа тексеру жайлы АҚШ Конгресіне жолдаған хаты сайлаушылар арасында қызу пікірталасқа түрткі болған және АҚШ президенті сайлауындағы негізгі бәсекелесі Дональд Трампқа ұпай қосқан дейді ВВС. Сайлауға екі күн қалғанда Джеймс Коми Конгресс мүшелерін FBI бұл жолы да Хиллари Клинтонға айып тағуға негіз жоқ деп санайтыны жайлы хабардар еткен.

XS
SM
MD
LG