Accessibility links

Франция премьері төтенше жағдай мерзімі ұзартылуы мүмкін екенін айтты


Террорлық шабуыл жасалған «Батаклан» концерт залы алдында тұрған полиция қызметкерлері. Париж, 14 қараша 2015 жыл.
Террорлық шабуыл жасалған «Батаклан» концерт залы алдында тұрған полиция қызметкерлері. Париж, 14 қараша 2015 жыл.

Франция премьер-министрі Мануэль Вальс елде бір жыл бұрын терактілерден кейін енгізілген төтенше жағдай ұзартылуы мүмкін екенін мәлімдеді. ВВС-ге берген сұхбатында Вальс мұны Францияда келесі жылы өтетін президент сайлауы қарсаңындағы құқық тәртібін қорғау қажеттігімен байланыстырды.

Парижде 2015 жылғы қарашаның 13-і күні 130 адамның өмірін қиған болған террорлық шабуылдардан кейін Франция төтенше жағдай енгізген болатын. «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Франциядағы шабуылдарға жауапкершілікті өзіне алатынын мәлімдеген.

Кейін француз билігі төтенше жағдай мерзімін 2017 жылғы қаңтарға дейін ұзартқан кезде премьер Вальс ел қауіпсіздігі үшін қанша рет қажет болса төтенше жағдай сонша рет ұзартылатын болады деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG