Accessibility links

Almaty Towers-тегі өртке байланысты "Батут орталығы" басшысы ұсталған


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Алматыда алты адамның ажалына себепкер болған Almaty Towers бизнес орталығында өртке байланысты «Батут орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы ұсталған. Бұл туралы Алматы ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews сайты хабарлады.

«2016 жылғы қарашаның 12-і күні «Батут орталығы» ЖШС директоры Дәурен Тұяқов уақытша ұстау изоляторына отырғызылған. Ол қылмыстық кодекстің «байқаусызда адам қазасына апарып соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша қылмысқа күдікті ретінде ұсталған» делінген полиция хабарламасында.

Тұяқовтың үстінен сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалған.

Қарашаның 6-сы күні Алматыдағы Almaty Towers бизнес орталығында өрт шығып, оқиға орнында 54 жастағы дәнекерлеушінің қаза болғаны туралы хабарланған. Келесі күні өртенген ғимараттан тағы бес адамның – Алматыдағы жоғары оқу орындары студенттерінің сүйектері табылған.

XS
SM
MD
LG