Accessibility links

Молдовада президент сайлауының екінші кезеңі соңына таяды


Молдова президенті сайлауына дауыс беріп жатқан адам. Кишинев, 13 қараша 2016 жыл.
Молдова президенті сайлауына дауыс беріп жатқан адам. Кишинев, 13 қараша 2016 жыл.

Молдова азаматтары бүгін президент сайлауының екінші турына дауыс беріп жатыр. Қазанның 30-ы күні өткен сайлаудың алғашқы кезеңінде негізгі екі кандидат – социалист Игорь Додон мен оңшыл либерал Майя Сандудың ешқайсысы сайлаушылардың жартысынан астамының қолдауына ие бола алмаған еді.

Социалистік партия атынан сайлауға түскен Додон ресейшіл көзқарастағы саясаткер. Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путинмен бірнеше рет кездескен ол президенттікке сайланған жағдайда Кишинев пен Мәскеу арасын жақындатуға күш салатыны туралы мәлімдеген.

Молдованың бұрынғы білім министрі, «Іс-әрекет және ынтымақтастық партиясынан» сайлауға түсіп жатқан Майя Санду болса Молдованың Еуропа одағымен ассоциациясы туралы 2014 жылы қол қойылған келісім негізінде Брюссельге жақынырақ болуды жақтайды.

Бұған дейін 16 жыл бойы Молдова президентін парламент сайлап келген. Соңғы өзгерістерге сәйкес, бұл жолы Молдова халқы алғаш рет президентті төте дауыс беру жолымен сайлап жатыр. Жексенбі күнгі дауыс беру барысын екі жарым мыңға жуық жергілікті бақылаушылар және 500 шетелдік өкілдер қадағалап отыр.

XS
SM
MD
LG